Return to site

Коммерциялық және мемлекеттік сыңайлы секторға арналған электрондық сатып алу порталы

Пресс-релиз

Пресс-релиз

05.09.2016 ж. Астана қ.

2016 жылдың 5 қыркүйегінде Орталық коммуникациялар қызметінде ЖШС «MITWORK» Бас директордың орынбасары Құдабаева Салтанат Ерсінқызының қатысуымен «Коммерциялық және мемлекеттік сыңайлы секторға арналған электрондық сатып алу порталы» тақырыбында кәсіпкерлік субъектілерінің, ұлттық холдингтардың және басқарушы компаниялардың, ірі және орташа бизнестердің арасында электрондық форматта сатып алуға өтіду әйгілеу және Еуразиялық Электрондық порталды өрлету аясында пресс-конференция өткізілді.

Пресс-конференцияны өткізу мақсаты – «Еуразиялық электрондық порталдың» функционалымен және жұмысымен көпшілікті таныстыру, электрондық сатып алулардың ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар саласында білім деңгейін көтеру, электрондық сатып алуларды әдістемелік шолу.

Пресс-конференция кезінде ЖШС «MITWORK» ауқымды жүйені іске асыру аясында жаңа жетістікке жеткені туралы жариялады «Еуразиялық электрондық портал», яғни сатып алу үрдісінде дәлдікті, транспаренттілікті және тиімділікті арттыратын шешім өңделді.

Еуразиялық электрондық портал – көпшілікке қолжетімді қағазсыз сатып алу рәсімдерінің толық циклін электрондық қызметтермен қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. ЕЭП инновациялардың, кіші/орта бизнесті дамытудың, ЕАЭС және Жер табиғатын сақтау аясында интеграциялық процесстердің арасында ымыраны қалыптастырады. Электрондық сатып алулар ЕЭП-те нақты уақыт тәртіптемесінде өткізіледі және портал Еуразиялық экономикалық кеңістіктің заңды тұлғаларына тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерін электрондық түрде іске асыруға мүмкіндік береді және заңды істерді куәландыру электрондық-цифрлық қолтаңбаның көмегімен іске асырылады.

Порталды іске қосу коммерциялық секторға арналған электрондық сатып алулар саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және Қазақстанда көбірек таралған сатып алу тәсілін қамтуға мүмкіндік береді. Көпшілікке қолжетімді жүйе электрондық сатып алулардың негізгі міндеттерін ең жақсы түрде іске асыруға мүмкіндік береді: бірдей бәсекелестік мүмкіндіктер тудыру, құқық бұзушылықтың санын азайту, қағаз түрінде құжат айналамын және жалпы сатып алуға жұмсалатын шығыстарды айтарлықтай кеміту.

2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Порталда 4500 – ден астам жалпы сомасы 50 млрд. теңгеден асатын сатып алулар өткізілген, 9000 – нан астам жалпы сомасы 98 млрд. теңгеден асатын жоспар тармақтары жарияланған, 300 – ден астам шарттар тіркелген, өткізілген сатып алулар бойынша шартты үнем 15 млрд. теңгені құрады.

Анықтама. ЖШС «MITWORK» - қазақстандық электрондық сатып алулардың IT жүйелерін өндіруші. 2015 жылы Алматыда ашылып, компания бүкіл Қазақстан аймағында танымалдылыққа ие болды. Соңғы айлардың ішінде MITWORK компаниясы Қазақстан аймағында жұмыс істеп жүрген мемлекеттік сыңайлы сектордың, мұнайгаз компанияларының, банктердің, халықаралық ұйымдардың және көп ұлттық компаниялардың сатып алулары аясында бағдарламалық жасақтаманың негізгі әзірлеушісі болып табылады.

Пресс-қызмет ЖШС «MITWORK»: тел.: +7 727 221 90 60, +7 701 034 77 14, сайт: mitwork.kz, e-mail: [email protected]

All Posts
×

Almost done…

We just sent you an email. Please click the link in the email to confirm your subscription!

OKSubscriptions powered by Strikingly